Онкологиялық ауруларға жүргізілетін скринингтер енді қолжетімді бола түседі

Сурет: freepik
Онкологиялық ауруларға скринингтер енді МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесінің болуына қарамастан жүргізілетін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заң шеңберінде медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, атап айтқанда, онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау, сондай-ақ мүгедектігі жоқ пациенттерді есту аппараттарымен қамтамасыз ету бойынша маңызды шаралар іске асырылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Онкологиялық ауруларға скринингтер енді МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесінің болуына қарамастан жүргізілетін болады. Зерттеулер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жүйесіне көшуде. Бұл жас және медициналық өлшемшарттарға сәйкес келетін Қазақстанның барлық азаматтары енді скринингтен өте алатынын білдіреді.


"Скринингтер тіркелген жері бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында жүргізіледі. Қабылданған шаралар халықты онкодиагностикамен қамтуды едәуір арттыруға, ауруларды ерте анықтауды және уақтылы емдеуді қамтамасыз етуге, яғни — денсаулық пен өмірді сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы қабылдаған бірқатар түзетулер мүгедектігі жоқ пациенттерді есту аппараттарымен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді", делінген ДСМ хабарламасында.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі қауіпті дерт туралы қазақстандықтарға үндеу жолдағанын хабарлағанбыз.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған