Оралда әйел адам үйдің төртінші қабатындағы балконнан секірмек болды

Сурет: видео скрині
25 сәуір түнгі уақытта полицияға Кердері көшесінде әйел адамның көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы балконнан секірмек болғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына бірден патрульдік полиция экипаждары жетті. Полиция қызметкерлері жағдайды жедел бағалап, кәсіби әрі үйлесімді әрекет етті.

Полиция капитаны Райымбек Газезов төменде қалып, әйелмен байланыс орнатып, оның назарын басқа жаққа аударды. Ал полиция капитаны Берік Сиязбаев, полиция лейтенанты Фархат Ғалиев және полиция аға лейтенанты Мирас Каримуллин үшінші қабатқа көтеріліп, балкон арқылы төртінші қабатқа өтіп, әйелді дер кезінде ұстап үлгеріп, қайғылы жағдайдың алдын алды.

Полицейлердің жедел әрі батыл әрекеттерінің арқасында әйел аман қалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі