Алтын қоры ең көп елдер рейтингісінде Қазақстан нешінші орында

Золотые слитки, золотой слиток, золото, накопления, сбережения, слитки из золота, слиток, слитки, мерные слитки, мерный слиток, инвестиционное золото, стоимость золота, цена золота , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2026 17:26 Фото: unsplash
Халықаралық сарапшылардың кейінгі бағалауынша, Қазақстан мемлекеттік алтын қорының көлемі бойынша әлемдегі жетекші елдердің қатарына кіреді. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз әлемдік рейтингте 16-орынға жайғасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саяси себептерге байланысты валюталық қаржыландыруға, төлем жүйелеріне немесе мемлекеттік облигацияларға қол жеткізу шектелуі мүмкін әлемде алтын ұлттық қордың стратегиялық активіне айналып отыр.

Алтын қоры кез келген ел экономикасының тұрақтылығын сақтауға көмектеседі. Оның көмегімен мемлекеттер түрлі қаржылық тәуекелден қорғана алады, долларға және еуроға тәуелділікті азайтады, әсіресе сыртқы қысым кезінде ұлттық валютаның күрт құнсыздануына жол бермеуге тырысады. Сондай-ақ алтын сатып алу қабілетін сақтап, шетелдік инвесторлардың сенімін арттыруға ықпал етеді.

Мұның басты себебі – алтынның белгілі бір эмитенті де, контрагенті де жоқ. Оны сатып алуға немесе өндіруге өз қалауынша санкция сала алатын бірыңғай әлемдік орган да жоқ.

Алтын қоры ең көп елдер

Америкалық CEOWORLD талдамалық интернет-басылымының сарапшылары жариялаған рейтинг бойынша, мемлекеттік алтын қорының көлемінен әлемде АҚШ бірінші орында тұр.

2026 жылы АҚШ Орталық банкінің балансындағы мемлекеттік алтын қоры 8 133 тоннаға жеткен.

Екінші орында Германия тұр. Оның алтын қоры – 3 350 тонна. Үшінші орынға Италия жайғасқан. Елдің алтын қоры 2 451,8 тоннаны құрайды.

Алтын қоры ең көп 10 елдің қатарына мыналар да енген:

  • Франция – 2 437 тонна;
  • Ресей – 2 311 тонна;
  • Қытай – 2 308,5 тонна;
  • Швейцария – 1 039,9 тонна;
  • Үндістан – 880,3 тонна;
  • Жапония – 846 тонна;
  • Нидерланд – 612,5 тонна.
  • ТМД елдерінің алтын қоры

ТМД елдері арасында алтын қоры ең көп мемлекет – Ресей. Оның мемлекеттік алтын қоры 2 311 тоннаға жетіп, әлемдік рейтингте 5-орынға орналасқан.

ТМД елдері арасында екінші орында, ал әлемдік рейтингте 14-орында Өзбекстан тұр. Оның алтын қоры – 406,8 тонна.

Қазақстан ТМД елдері арасында үшінші, әлемдік рейтингте 16-орында. CEOWORLD сарапшыларының бағалауынша, 2026 жылы еліміздің мемлекеттік алтын қоры 347,6 тоннаға жеткен.

ТМД елдері арасындағы рейтингте бұдан кейін:

  • Әзербайжан – 200 тонна, әлемде 24-орын;
  • Беларусь – 53,9 тонна, 51-орын;
  • Қырғызстан – 44,8 тонна, 53-орын;
  • Тәжікстан – 7,4 тонна, 76-орын.

Ал мемлекеттік резервінде алтын жоқ Армения бұл көрсеткіш бойынша ТМД елдері арасында соңғы орында тұр.

Алтын қоры ең аз елдер

Бағалы металдың кен орындары бар немесе әлемдік нарықтан алтын сатып алатын мемлекеттердің арасында алтын қоры ең аз ел – Исландия. Оның қоры 2 тоннаға бағаланып, әлемдік рейтингте 94-орынға жайғасқан.

Басылымның бағалауынша, алтын қоры бұдан сәл көбірек елдер қатарында:

  • Гонконг – 2,1 тонна;
  • Сальвадор – 2,1 тонна;
  • Люксембург – 2,2 тонна;
  • Босния және Герцеговина – 3,5 тонна;
  • Мозамбик – 3,9 тонна;
  • Зимбабве – 4,1 тонна;
  • Словения – 4,2 тонна.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: