Қазақстан әлемдегі ең қауіпсіз елдер рейтингінде 56-орынға ие болды
Фото: Zakon.kz
Global Peace Index 2025 рейтингін Экономика және бейбітшілік институты (Institute for Economics & Peace, IEP) жариялады. Биыл индекс 163 мемлекет пен аумақты қамтыды, бұл әлем халқының 99,7 пайызын құрайды.
Global Peace Index 23 көрсеткіш негізінде жасалады, олар үш негізгі топқа біріктірілген:
- қоғамдық қауіпсіздік пен қорғалу деңгейі;
- ішкі және халықаралық қақтығыстардың болуы;
- милитаризация деңгейі.
2025 жылы Қазақстан рейтингте 56-орынға тұрақтады.

Сурет: visionofhumanity
Рейтингтің көшбасшысы қатарынан 17-ші жыл Исландия болып отыр.
Одан кейінгі және алғашқы бестікті түйіндейтін елдер:
- Ирландия;
- Жаңа Зеландия;
- Австрия;
- Швейцария.
Есеп авторлары бұл елдерде қоғамдағы сенім деңгейінің жоғары, ал зорлық-зомбылық деңгейінің төмен екенін атап өтті.
Рейтингтің аутсайдер алғашқы бестігіне мына елдер кірді:
- Ресей;
- Украина;
- Судан;
- Конго Демократиялық Республикасы;
- Йемен.
Сондай-ақ Украина АҚШ-тың Ресеймен үшжақты кездесу өткізу туралы ұсынысын қолдайтыны белгілі болды. Бұл туралы журналистерге Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.