Астана тұрғыны әйелге қарым-қатынас кезінде берген 5 миллион теңгені сот арқылы қайтармақ болған

Фото: Zakon.kz
Астанада ер адам әйелден олар қарым-қатынаста болған кезде оған аударған 5 миллион теңгені өндіру туралы сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 сәуірде ауданаралық азаматтық сотта хабарланғандай, талапкер жауапкермен интернет арқылы танысып, онымен WhatsApp мессенджері арқылы хат алысқанын көрсеткен.

Хат алмасу барысында жауапкер денсаулығына байланысты материалдық көмек сұраған. Талап қоюшы Kaspi қосымшасы арқылы, оның телефон нөміріне ақша қаражатын аударған.

"Істі қарау барысында тараптар арасында жеке (романтикалық) қарым-қатынастар болғаны анықталды, осыған орай талап қоюшы материалдық көмекті ерікті түрде көрсеткен. Тараптар арасында қарыз шартына сәйкес міндеттемелердің болғанын дәлелдейтін айғақтар ұсынылмаған. Kaspi сервисі арқылы жүргізілген аударымдарда ақшаны қайтару немесе басқа да міндеттемелер туралы шарттар болмаған." Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты

Сот талапты қанағаттандыруға негіз жоқ деген шешімге келді. Себебі Азаматтық кодекстің 954-бабына сәйкес, қайырымдылық, материалдық көмек немесе сый ретінде берілген ақша негізсіз баю ретінде қайтарылуға жатпайды.

Сот шешімімен талап қоюшының талабы қанағаттандырылмады.

Талап қоюшы сот шешіміне шағым түсіргенімен, Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?