Әлеуметтік желідегі жарнамаға сенген шығысқазақстандық алданып қалды

Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны интернет кеңістігіндегі алаяқтықтың құрбаны болды.

Әлеуметтік желіде жарияланған "несие рәсімдеуге көмектесеміз" деген жарнамаға сенген әйел белгісіз біреуге 100 мың теңге ақша аударып жіберген.

Алайда уәде етілген қызмет көрсетілмеген. Алаяқтың арбауына түскенін түсінген жәбірленуші бірден полицияға жүгінді. Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды.

Полиция өкілдері интернет-алаяқтықтың қазіргі таңда кең таралған қылмыс түріне айналғанын ескертеді. Қаскөйлер азаматтарды алдаудың сан түрлі әдісін қолданады: жалған несие ұсыну, жасанды интернет-дүкендер ашу, жеңіл жолмен табыс табуға шақыру – мұның бәрі алаяқтардың қармағына түсуге итермелейді. Осы орайда полиция тұрғындарға сақ болуға кеңес береді.

Бейтаныс адамдарға ешқашан ақша аудармаңыз, ұсынылған ақпараттың рас-өтірігін тексеріңіз. Несие рәсімдеуді тек ресми қаржы ұйымдары арқылы жүргізіңіз.

Жеке және банк деректеріңізді бөгде адамдарға жарияламаңыз. Егер сіз де алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, бірден полицияға хабар беріңіз – бұл қылмыстың жолын кесуге көмектеседі.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді