"Салмағы небәрі 1 келі". Шымкентте туғанына 45 күн болған нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Сурет: видео скрині/otyrar.kz
Шымкент перинаталды орталығында салмағы небәрі 1 келі, туғанына 45 күн болған нәрестенің жүрегіне күрделі ота сәтті жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

25-аптада дүниеге келген шақалақ 2 наурыз күні орталықтың нәрестелер реанимация бөліміне жеткізілген. Сәбидің салмағы небәрі 655 грамм, бойы 28 сантиметр болған.

Оған туабітті жүрек ақауы яғни, "ашық артериалды өзек" диагнозы қойылып, респираторлық дистресс-синдромы да анықталған. Нәрестенің жағдайы өте ауыр болғандықтан, бірден өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Күрделі диагнозға байланысты перинаталды орталықтың дәрігерлері қаладағы кардиохирург мамандармен бірнеше мәрте кеңес өткізген, деп хабарлады otyrar.kz.

Сәбидің жасы 45 күнге толып, салмағы 1 келіге жеткен кезде дәрігерлер жүрекке операция жасауға шешім қабылдады. Ашық артериалды өзекке жасалған күрделі ота сәтті аяқталды. Күрделі отаны Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының кардиохирургы Асан Жұманов пен Шымкент қалалық перинаталды орталығының анестезиолог-реаниматологы Ақжол Абдраимов жасап шықты.

Қазіргі таңда нәрестенің жағдайы бірқалыпты ауыр. Ол перинаталды орталық қызметкерлерінің тұрақты бақылауында. Баланың анасы жан аямай еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды