Бельгияда билікке қарсы наразылық акциясы өтуде

Сурет: pixabay
Бельгияда бүгін жалпыұлттық ереуіл. Мемлекеттік қызметкерлер жұмысты тоқтатып, үкіметтің қатаң үнемдеу саясатына қарсы елдің бірнеше қаласында шеру өткізіп жатыр.

Елдің Шарлеруа әуежайынан ешқандай ұшақ ұшып, қонып жатқан жоқ. Брюссельдің Завентем әуежайынан ұшатын рейстер де кейінге шегерілді. Салдарынан 40 мың жолаушы жолынан қалды.

Себебі, әуежайдың қауіпсіздігіне, жүктерді тиеуге жауапты қызметкерлердің барлығы осы жерде наразылық акциясына қатысып жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Елдің ең ірі Антверпен теңіз портының да жұмысы тоқтап, жүк тиелген 500 кеме портқа кіргізілмеген. Шерушілер үкіметтің зейнетақы реформасына, бюджетті қысқартуына қарсы. Пікірлерін назарларыңызға ұсынамын.

"Бұрын тәжірибелі мұғалімдерге 58 жаста зейнетке шығуға рұқсат етілетін. Енді жаңа үкімет мұның бәрін тоқтатып, 67 жасқа дейін жұмыс істетпек. Бұған жол беруге болмайды." Фабрис Бэна, мұғалім

Қызметкерлер жұмысқа шықпағандықтан бүгін пошта, әкімдіктер, басқа да мемлекеттік мекемелер жабық. Ауруханаларда шұғыл операциядан басқасы кейінге шегерілген. Қоғамдық көлік қатынасы қиындады. Бірен-саран автобус, трамвайдан басқасы тоқтаған.

Қалааралық пойыздардың да тек үштен бірі ғана жүріп тұр. Шерушілер билік жанайқайымызға құлақ түрмесе ереуілді күшейтеміз деп отыр.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі