Алматы облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген төрт шетелдік азамат ұсталды

Фото: Zakon.kz
Өткен аптада өңір аумағында жүргізілген жедел іс-шаралар барысында өз елінде түрлі қылмыстар жасады деген күдікпен көршілес елдің азаматтары ұсталды.

Олардың қатарында 1981 жылы туған бір әйел және 1980, 1989, 1990 жылдары туған үш ер адам бар. Полиция мәліметінше, ұсталғандардың бірі аса ірі көлемдегі алаяқтық үшін, екіншісі азаматтарды тау-кен-металлургия комбинатына жұмысқа орналастыру сылтауымен алдағаны үшін іздеуде болған.

Әйел адам мобильді телефондарды сату арқылы түскен ақшаны иемденіп алған деген күдікке ілінсе, тағы бір ер адам экономикалық қылмыстар жасағаны үшін іздеуде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша шетелдіктер Қазақстан аумағында жасырынып, мұнда да қылмыстық әрекеттерін жалғастыруды көздеген болуы мүмкін. Жедел ақпараттың нәтижесінде полиция қызметкерлері оларды құрықтады.

"Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандарды өз еліне қайтару мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар олардың өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", — деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Алматы облысы полиция департаменті халықаралық құқық қорғау органдарымен орнатылған өзара іс-қимыл қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, трансшекаралық қылмыспен күресте тиімді нәтиже беріп отырғанын атап өтті.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды