Қазақстанда мал дәрігерлеріне үстемақы төленуі мүмкін

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Елімізде мал дәрігерлеріне ай сайын жалақыдан бөлек үстемақы төленбек. Ветеринариялық бақылау комитетінің төрағасы депутаттардың бастамасымен заңға өзгеріс әзірленіп жатқанын айтты.

Қазір мал дәрігерлерінің орташа жалақысы 220 мың теңге. Салада кадр жетіспеушілігі бар. Ел көлемінде 370-ке жуық мал дәрігері қажет.

Жұмыс істеп жатқан ветеринарлардың орташа жасы 60-тан асып кеткен. Бірнеше жылда ветеринарлардың тапшылығы ауыл шаруашылығына үлкен соққы болуы мүмкін, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал жастар бұл мамандықты грант үшін ғана таңдайды деген ведомство өкілдері салаға маман тартудың жаңа тетіктерін қарастырып жатқанын айтты.

"Біздің қосымша ветеринарлық дәрігерлерге үстемақы белгілеу жөнінде ұсынысымыз бар. Тиісті қаражатты сұрау жөнінде Қаржы министрлігіне өз ұсынысымызды бердік. Биыл үшінші жыл биологиялық қауіпсіздік туралы заңға сәйкес бірінші және екінші потогендікпен жұмыс істейтін мамандарға жыл сайын республикадан 10 млрд-қа жуық қаражат бөлінеді осы үстемақыға." Қазбек Тәшімов, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек