Мемлекеттік шекарадан 2,1 миллиард теңгенің валютасын заңсыз өткізбек болған

Фото: pxhere
Қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекара арқылы жалпы құны 2,1 млрд теңгеден асатын валютаны заңсыз өткізудің 176 әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті сәуір айындағы қызметінің қорытындысын шығара отырып хабарлады.

2025 жылдың сәуір айында мемлекеттік шекараны күзету шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушы 4323 адам жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 3565-і шетел азаматтары.

Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтудің 1 455 фактісінің алды алынды, оның ішінде:
  • 37 факті – есірткі заттары;
  • 92 факті – қарулар мен оқ-дәрілер;
  • 357 факті – жанар-жағармай материалдары;
  • 793 факті – жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауарлары;
  • 176 факті – жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий акваториясында 90 браконьерлік фактінің алды алынды және Қызыл кітапқа енгізілген 617 дана бекіре тұқымдас балық, тоғыз бас каспий итбалығы табиғи мекендеу ортасына жіберілді. Алды алынған залал сомасы 1 млрд 900 млн теңгені құрайды.
Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды