Комбайн бөлшектерін шанамен тасып, 40 млн теңгеге жуық ұрлық жасағандар ұсталды

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында өте ірі сомадағы ауыл шаруашылығы техникасының бөлшектерін ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысында полицейлер жалпы сомасы 39 миллион 627 мың теңгеге бағаланатын ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерін ұрлау дерегін әшкереледі. Қылмыс осы жылғы сәуір айында Егіндікөл ауданында тіркелген.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері комбайндарға тиесілі бөлшектерді ұрлады деген күдікпен үш азаматты ұстады. Тергеу барысында бөлшектердің 2024 жылдың қарашасынан 2025 жылдың сәуір айына дейінгі аралықта жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аумағынан жүйелі түрде ұрланғаны анықталды.

Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы жасақтың қолдауымен Егіндікөл ауданында 35, 30 және 25 жастағы үш күдіктіні құрықтады.

Алдын ала мәлімет бойынша, 30 жастағы ақмолалық күдікті қыс мезгілінде шананың көмегімен серіктестік аумағынан қосалқы бөлшектерді шығарып, кейіннен екі сыбайласымен бірігіп, Атбасар ауданындағы сатып алушыға өткізген. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде ұрланған барлық бөлшектер табылып, заттай дәлелдеме ретінде іске тіркелді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің толық мән-жайы анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды