Атыраудағы көшелердің бірінде жасөспірім есірткі таратып жүрген жерінен ұсталды

Сурет: polisia.kz
Атырауда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағытында жүргізілген жедел іс-шаралар барысында полицейлер Қызылорда облысының 17 жастағы тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәмелетке толмаған жасөспірім қаланың көшелерінің бірінде синтетикалық есірткі заттарын таратып жүрген жерінен ұсталған.


"Жеке тінту кезінде тәртіп сақшылары оның жанынан қара түсті изолентаға оралған, әрқайсысы 1 грамм салмаққа жуық 25 бума тауып, тәркіледі. Сараптама нәтижесінде алынған заттың жалпы салмағы 24,7 граммды құрайтын "Альфа-PVP" синтетикалық есірткі заты екені анықталды", - деп хабарлады полиция.

Қазіргі таңда күдікті соттың қаулысымен тергеу изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағына сәйкес (Аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізу мақсатында сақтау және тарату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды