Леңгірдегі мектеп-интернаттан шыққан шу 100% жалған - облыстық білім басқармасы

Сурет: Түркістан облыстық білім басқармасы
Түркістан облысының білім басқармасы Төле би ауданына қарасты Леңгір қаласында орналасқан №2 арнайы мектеп-интернатында білім алатын балаларды интернаттан шығару жөнінде тараған ақпараттың 100% жалған екендігін нақтылайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы білім басқармасы Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңның 47-бабына сәйкес ата-аналардың білім беру ұйымдарын және білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар екенін еске салады. Арнайы білім беру ұйымдарында білім алу психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесінің (бұдан әрі-ПМПК) қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. 

"Арнайы білім беру мекемелеріне ерекше білім беруді қажет ететін балалар қамтылады. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларда арнайы педагогтардың түзету жұмысының негізінде балаларда оң өзгеріс болған жағдайда арнайы білім беру мекемелерінен шығарылып жалпы білім беру мекемесінде білім алуға кеңес беріледі. ПМПК қызметі кеңес беру сипатында болады. Бұл комиссия оқу орнын жабу немесе балаларды оқудан шығару туралы шешім қабылдамайды. Комиссияның мақсаты – баланың дамуына және оның қоғамға сәтті бейімделуіне ықпал ететін кәсіби ұсынымдар беру. Жылдық жоспарға сәйкес жыл сайын өткізетін диагностикалық балалардың түзелу динамикасына тексеру жүргізіледі. Оқу нысанын таңдау жөніндегі түпкілікті шешім әрқашан ата-аналарға тиесілі". Түркістан облысының білім басқармасы

2025 жылғы 5 мамырда білім басқармасының өкілдері мектеп ұжымымен және ата-аналармен кездесу өткізіп, оның барысында барлық мәселелер бойынша толық ақпарат беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілгені де нақтыланады.

"Барлық балалар өздерінің жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, білім алуды жалғастырады. Түркістан облысының білім басқармасы мектеп-интернатты жабу немесе ғимаратты колледжге беру туралы мәселені қарастырған жоқ", делінген облыстық білім басқармасының түсініктемесінде.

Заң аясында жалған ақпаратты тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылатындығы да ескертіледі. 

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды