Қарағанды облысында полицейлер жанып жатқан көлікті сөндіріп, жарылыстың алдын алды

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
6 мамыр күні кешке Қызылорда – Павлодар тасжолында, Ақтас ауылының бұрылысында болған төтенше жағдайдың соңы қайғылы оқиғаға айналуы мүмкін еді. Алайда Саран қаласының батыл полицейлері өздерінің жедел әрі кәсіби әрекеттерімен адамдардың өмірін аман сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ мәліметіне сүйенсек, сағат 23:00 шамасында Саран қалалық патрульдік полиция қызметкерлері – Бағлан Жүнісов пен Алихан Бақыш – кезекшілік барысында ГАЗель жүк көлігінің өртеніп жатқанын байқайды. Көлік түркиялық азаматқа тиесілі болған. Ол жанармай бекетінің дәл жанында отқа оранған.

Апаттан есеңгіреген жүргізуші мен жолаушы көліктен секіріп түсіп, көліктің кез келген сәтте жарылу қаупі алдында не істерін білмей сасқалақтаған. Уақытты босқа жоғалтпаған полиция қызметкерлері өрт қаупін бағалап, батыл шешім қабылдайды – олар жанып жатқан көлікті жанармай бекетінен алыстатып, жарылыс қатерінің алдын алды.

Сурет: polisia.kz

Қауіпсіздік мақсатында тәртіп сақшылары көлікті екі жағынан итеріп, жол жиегіне дейін апарып, жағдайды бақылауға алады. Көп ұзамай оқиға орнына жеткен Саран қалалық полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы өртті толықтай сөндіруге көмектесті.

"Полиция қызметкерлеріне үлкен рақмет! Олар бізді де, айналамыздағы адамдарды да үлкен апаттан құтқарып қалды", – деп алғысын білдірді көлік жүргізушісі мен жолаушысы.

Бұған дейін ТЖМ материалдық-техникалық базасын жаппай жаңалауда екенін жазған болатынбыз.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды