Астана билігі Жеңіс шеруіне кіре алмаған ардагерден кешірім сұрады

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Астана әкімдігі тыл еңбеккері Теңдік Ызақовты кеше, 2025 жылдың 7 мамырында өткен Жеңіс шеруіне неліктен кірмегенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб, қаланың Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов тыл еңбеккері профессор Теңдік Изақовпен және оның отбасымен кездесіп, көп жылғы еңбегі үшін алғыс білдіріп, 7 мамыр күні шеру өтетін орынға кіре алмағаны үшін кешірім сұрады.

"Іс-шара аумағына өту арнайы әзірленген тізім бойынша жүзеге асырылды. Орын санының шектелуін, сондай-ақ ардагерлердің жасы ұлғайғанын ескере отырып, тізім ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің туыстарынан тікелей түскен өтініштер бойынша ғана әзірленді. Бұл ретте шеруге еліміздің барлық өңірінен ардагерлер мен тыл еңбеккерлері қатысты. Теңдік Изақовтың отбасынан өтініш түскен жоқ", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Астана әкімдігі Теңдік Изақовқа және оның жақындарына туындаған жағдайға байланысты шын жүректен кешірім сұрады.

Теңдік Изақов 9 мамыр күні гүл шоқтарын қою рәсіміне шақырылды.

2025 жылғы 7 мамырда Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті. Ауқымды әрі әсерлі шараны тамашалауға астаналықтар ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінен де жүздеген адам келді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды