Қазақстандықтар баласына қос фамилия бере ала ма

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Бүгін, 2025 жылғы 8 мамырда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қазақстандық әйелдің болашақ баласының тегіне қатысты қызықты сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматтың айтуынша, жұбайы екеуі жақын арада ата-ана атанады.

"Айтыңызшы, балаға менің және күйеуімнің фамилиясын беруге бола ма?", – деп сұрады әйел.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің жауабы теріс болды.

"Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне сәйкес баланың ата-анасының тегі әртүрлі болса, онда ата-анасының келісімі бойынша балаға әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Баланың тегіне қатысты ата-аналардың арасында туындаған келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі", – деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік мекемесі.

2025 жылдың 23 сәуірінде мемлекеттік корпорация Қазақстанда некені қалай тіркеуге болатынын түсіндірді.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы