Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы: Қарин батырдың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Сурет: akorda.kz
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған жалпыұлттық іс-шаралар аясында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірқатар мүшесі қатысты.

Биыл еліміз Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр.

Ерлан Қарин салтанатты рәсімде Президент тапсырмасына сәйкес осынау атаулы датаға орай көптеген іс-шара жоспарланғанын жеткізді.

Атап айтқанда, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай жастар арасында халықаралық "Айбын" әскери-патриоттық жиыны өтеді.

Сондай-ақ қазақтың қайсар қызының өмір жолы мен ерен ерлігін паш ететін деректі фильм түсіріліп, көрмелер мен спорттық-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Әлия Молдағұлова өскелең ұрпақ үшін ерлік пен жанқиярлықтың үлгісі болып қала береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді