Қазақстандық оқушылар халықаралық додада бірден 8 медаль жеңіп алды

Сурет: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
2025 жылғы 4–12 мамыр аралығында Сауд Арабиясының Дахран қаласында 25-ші Азия физика олимпиадасы (APhO-2025) өтті.

2025 жылдың 12 мамырында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, беделді халықаралық додаға 30 елден 240-қа жуық мектеп оқушысы қатысты.

"Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетті — барлық сегіз қатысушы да жүлдегер атанып, төрт күміс және төрт қола медаль жеңіп алды." Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Сонымен қатар Астана қаласындағы NurOrda мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова олимпиадаға қатысушы ең үздік қыз бала ретінде арнайы "Best Female" сыйлығына ие болды.

Күміс медаль иегерлері:

Қола медаль иегерлері:

Команда жетекшілері — Нұрдәулет Қаласов пен Андрей Сидоренко.

Айта кету керек, Азия физика олимпиадасы — теориялық және эксперименттік күрделі тапсырмаларды қамтитын жоғары деңгейдегі халықаралық жарыс. 2024 жылы қазақстандық оқушылар бір күміс, бес қола медаль және бір мадақтама алған болатын. Ал 2025 жылы команда толық құрамда жүлде алып, айтарлықтай көрсеткішке қол жеткізді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды