Ақмола облысында 10 күн бұрын жоғалып кеткен алты жасар баланың денесі табылды

Фото: Zakon.kz
Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кешкі жетілерде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған алты жасар Қалмырза Жандәулеттің денесі Нұра өзенінен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, сәбиді сол күні соңғы рет өзен жағасынан көрген. KTK ақпаратынша, бүлдіршінді іздестіруге Ақмола, Қарағанды және Астана қаласының құтқару жасақтары жұмылдырылды. Еріктілер мен жергілікті халық та тау-тас, өзен-көл мен адам аяғы жететін жердің бәрін шолып шыққан. Сүңгуірлер мен кинологтар да көмекке келді. Өкінішке қарай, он күннен кейін Жандәулеттің жансыз денесі 12 шақырым жерден табылды.

"Баланың жоғалғаны туралы арыз 30 сәуірде түсті. Сол уақыттан бастап бірден қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Соның нәтижесінде соңғы процессуал шешім қабылданады".Әсем Әбдірахманова, Ақмола облысы ПД арнайы тапсырма бойынша аға инспекторы

Бұған дейін Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Арданның Түркияда ұсталғандығы жайлы жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді