Пайдаға уәде берді – шығынға батты: Семейде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар жазаланды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Абай облысында қаржылық пирамиданы ұйымдастырушылар сотталды. Бұл туралы 2025 жылғы 13 мамырда облыстық прокуратура хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz .

Семей қаласының №2 соты екі қала тұрғынын қаржылық пирамида ұйымдастырып, оған қатысқан 26 азаматқа жалпы сомасы 20 млн теңге залал келтіргені үшін кінәлі деп таныды.

2023 жылғы қыркүйек пен қазан айлары аралығында аталған адамдар Семей қаласындағы компания кеңсесінде кездесулер мен семинарлар өткізген. Олар жаңа қатысушыларды тіркеумен, компания жүйесінде аккаунттар жасаумен және "WhatsApp" мессенджері арқылы үгіт-насихат материалдарын таратумен айналысқан. Бұл қызмет азаматтарды электронды валютаға инвестиция салу және бонус алу уәделерімен жүйеге тартуға бағытталған.

"Сот үкімімен кінәлілердің біріне 4 жыл, екіншісіне 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, екеуіне де 2 жылға қаржылық қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы берілді. Залалдың бір бөлігі өтелді." Абай облысының прокуратурасы

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы айыпталушылардың кінәсін толық дәлелдеді.

Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура азаматтарға қырағы болу, компаниялардың қаржылық қызметін және лицензияларының бар-жоғын тексеру, сондай-ақ қаржылық пирамида белгілері бар схемаларға қатыспау қажеттігін ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды