Апатқа қатысушылардың бірі, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі, ортаңғы жолақпен қозғалып келе жатқанда, артқы жағынан жоғары жылдамдықпен KIA Rio көлігінің жолақтан жолаққа ауысып келе жатқанын байқаған. KIA Toyota-ға жақындағанда, оның жүргізушісі кенеттен тежегішті басып, көлік басқарудан шығып кетеді.
Сурет: Zakon.kz
Басқаруды жоғалтқан KIA Camry-ді озып, оны қиып өтіп, жол жиегіндегі қоршауға соғылады. Соққыдан кейін KIA Camry-ге соғылып, қайтадан қоршауға соғылады.
Сурет: Zakon.kz
Toyota жүргізушісінің айтуынша, KIA көлігі қоршауға соғылған сәтте оның жүргізушісі көліктен ұшып кетіп, жолдың жүріс бөлігіне құлаған.
Сурет: Zakon.kz
Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем шақырылды. KIA Rio жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ, KIA көлігіндегі үш жолаушы да зардап шеккен, бірақ олар ауыр жарақат алмағандықтан, ауруханаға жатқызу қажет болмаған. Camry жүргізушісі де жеңіл жарақат алған, оған да ауруханаға жатқызу қажет болмады.
Сурет: Zakon.kz
Жол апаты салдарынан оқиға орнында үлкен кептеліс пайда болды.
Сурет: Zakon.kz
Бұған дейін Алматыда рөлге ие бола алмай қалған жүргізушінің тұрақтағы көліктерді қағып кеткендігі хабарланған болатын.