Маңызды: 15 және 16 мамырға дейін қандай салық есептерін тапсыру қажет

Фото: freepik
Қазақстанда 2025 жылдың бірінші тоқсаны үшін салық есептілігін тапсыру мерзімі 2025 жылдың 14 және 15 мамырында аяқталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Параграф" АЖ 15 мамырға дейін мыналарды ұсыну қажеттігін еске салады:

510.00 форма – Қол қою бонусы туралы декларация.

Келесі салық есептілігі нысандарын 15 мамырдан кешіктірмей тапсыру қажет:

2025 жылдың наурыз айына

400.00, 421.00 форма – акциздерді декларациялау және есептеу;

2025 жылдың бірінші тоқсаны үшін

101.03 ф – Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу;

101.04 ф – Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу;

300,00 ф – ҚҚС декларациясы;

500.00 ф– Роялти, өндірістік бонус туралы декларация;

531.00 ф – Заттай нысандағы салық міндеттемелерінің орындалуы туралы декларация (есеп);

560.00 ф – Тарихи шығындарды өтеуге төлем туралы декларация;

570.00 ф – Экспорт бойынша рента салығы бойынша декларация;

590.00 ф – Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық декларациясы;

701.01 ф – 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша салық міндеттемелері туындаған немесе өзгерген объектілер бойынша 2025 жылға арналған жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі;

710.00 ф – Құмар ойындарға салық декларациясы;

860.00 ф – Жер үсті су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы туралы декларация;

870.00 ф – Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем туралы декларация;

880.00 ф – Цифрлық тау-кен өндіру үшін алым декларациясы;

913.00 ф – Бөлшек салық жүйесін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларациялар.

Бұған дейін біз Қазақстанда кім және қашан салықтық тексеруден өтуі мүмкін екенін айтқан болатынбыз.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды