Сара Назарбаева тірі – Үкібай

Сурет: Facebook/Bobek Ortalygy
Бүгін, 15 мамырда БАҚ пен әлеуметтік желіде Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ол X-тегі парақшасында БАҚ-тан түсіп жатқан көп сауалға былай жауап берді:

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды".

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар БАҚ пен Telegram-канал Сара Алпысқызының Алматыдағы "Совминкада" емделіп жатқанын хабарлаған болатын.

Сара Назарбаева 1941 жылғы 12 ақпанда Қарағанды облысы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Ол Нұрсұлтан Назарбаевпен 1962 жылы отбасын құрды. Екеуі Қарағанды металлургия зауытының домна цехында бірге жұмыс істеп жүріп танысқан (Нұрсұлтан Назарбаев домна пешінің жұмысшысы, ал Сара Алпысқызы домна пешінің электр қосалқы станциясында жұмыс істеген). Олардың үш қызы бар: Дариға (1963) мен Динара (1967) Теміртауда дүниеге келген, ал Әлия (1980) – Алматыда туған.

2025 жылы Сара Алпысқызы 84 жасқа толды.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

"Мыжылып, адам қысылып қалды". Алматы маңында екі көлік бетпе-бет соқтығысты

Тоқаев Польша Президентіне көңіл айтты

Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында жетінші орын алды