Қарағандыда пәтер ұрысы қолға түсті

Фото: Zakon.kz
Қарағандыда пәтер ұрлығы бірден ашылды. Белгісіз біреу қала тұрғынының үйіне заңсыз кіріп, құны 490 мың теңге болатын алтын әшекейлерді жымқырған.

Куәгерлер де, бейнебақылау жазбалары да болмаған, бұл тергеу барысын едәуір күрделендірді.

Дегенмен, Теміржол полиция бөлімінің қызметкерлері кәсіби біліктілік пен табандылықтың үлгісін көрсетті. Іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, қолға түсті.

Ол – 31 жастағы Қарағанды тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында оның бұл қылмысты алдын ала жоспарлап, бөтен үйге еш қиындықсыз кіргені белгілі болды.

Күдікті басқа ауданнан келіп, пәтерді нысанаға алған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде заттай дәлелдемелер алынды.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі