Ерлан Қожағапановқа үкім шықты

Фото: Zakon.kz
2025 жылдың 19 мамырында Астанада Ерлан Қожағапановқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Екінші айыпталушы "SUCCESS K" стратегиялық коммуникациялар агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзова 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салумен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қожағапанов 2-дәрежелі "Айбын" ордені түріндегі мемлекеттік наградасынан айырылып, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы сақталсын... Көккөзова кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу жазасына кесілді. Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қамауға алу түріне ауыстырылсын, Көккөзова сот залында қамауға алынсын", – деп үкім шығарды Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Қанат Тобағалиұлы.

Сот Туризм және спорт министрлігінің азаматтық талап арызын ішінара қанағаттандыру туралы шешім шығарды: Ерлан Қожағапановтан келтірілген шығынды өндіруден бас тарту және Ләззат Көккөзовадан 1 миллиард теңгеден астам материалдық шығынды өтеу.

Ерлан Қожағапанов 2024 жылы наурызда ұсталды. Оған 2018 жылы Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастығы форумын ұйымдастыру кезінде 1 миллиард теңгені жымқырды деген айып тағылды.

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы ("Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану") бабы бойынша сотталды, "SUCCESS K" стратегиялық коммуникациялар агенттігінің басшысы Ләззат Көккөзова – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы ("Бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде ұрлау") бойынша айыпталды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды