Түркістан облысының түлегі ҰБТ-дан ең жоғары 140 ұпай жинады

Фото: Национальный центр тестирования
Қазақстанда 2025 жылдың 16 мамырында негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды. Онда Түркістан облысының түлегі ең жоғары - 140 ұпайды жинаған. Дарынды оқушы жайлы толығырақ Zakon.kz ақпаратынан оқи аласыздар.

Бұл жайлы 2025 жылдың 20 мамырында облыс әкімдігінің ақпаратынан белгілі болды.

"Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылының Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Жәнібек Әбілхан Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең алғашқы 140/140 ұпай иегері атанды!". Түркістан облысының әкімдігі

Ол 1 сыныптан бастап Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияда білім алып келеді.

Сурет: Түркістан облысы білім басқармасы

"Жәнібек 10-сыныптан бейінді пәндерін таңдап, дайындығын бастаған. Информатика пәніне бұрыннан қызуғушылығы бар. Ол IT саласын таңдап, отандық жоғары оқу орнына түсуге бел буып отыр",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, облыстың білім басқармасы көпбалалы отбасыдан шыққан Жәнібектің ізденімпаз, білімді оқушы екенін айтты.

Жәнібектің жетістігі- табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі.

"Жәнібек Асқарұлы – арманға жетудің мүмкін екендігін дәлелдеген жастың бейнесі. Оның табандылығы,жауапкершілігі,уақытты тиімді пайдалануы мен өзіне деген сенімі – өзге оқушыларға үлкен үлгі". Түркістан облысы білім басқармасы

Бұған дейін 1 қыркүйектен бастап Қазақстан студенттерінің шәкіртақысы артатындығын жазған болатынбыз.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр