Жүргізуші куәлігіне үміткердің айтуынша, ол бұрын практикалық емтиханға кезекке тапсырыс берген, бірақ белгіленген уақытта келе алмаған. Осыған байланысты ол бұл әрекет емтиханнан сәтсіз өту ретінде есептеле ме деп сұрады.
2025 жылғы 22 мамырда мемлекеттік корпорация өкілдері:
"Жоқ, егер сіз белгіленген күні практикалық емтихан тапсыруға келмеген болсаңыз, бұл әрекет сәтсіз талпыныс ретінде есептелмейді. Сіз емтихан тапсыру уақытына қайта кезекке тұра аласыз", – деп жауап берді.
Бұған дейін сенаттың Қырғызстанмен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімді ратификациялағаны хабарланған болатын.