Қайрат Нұртастың Ташкенттегі концертінде қария әншінің бұрынғы қарызын еске салды

Сурет: instagram/kair_n
Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың Ташкенттегі концертінде өзбекстандық қария сөз сөйледі. Ол 36 жастағы әншіге сегіз жыл бұрын көмектескенін, сол кезде Қайрат оған жылқы сыйлайтынын айтып, уәде бергенін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Концерт Ташкентте осы сейсенбі, 2025 жылғы 20 мамырда өтті. Видеоны Ақтөбе облысының тұрғыны жариялаған.

"2017 жылы сенің үлкен концертіңде шалбарыңның белдігін ұмытып кетіпсің. Сонда мен, Қайрат, өз белдігімді саған бердім… Сен сол кезде құшақтап: "Ауылыңа өтіңіз, сізге тұлпар сыйлаймын" деген едің. Қашан өтейін?", - деді қария.

Оған жауап ретінде Қайрат Нұртас:

"Тұлпар ма? Тұлпар бізден болсын. Мен тұлпар мінгіземін деп айтсам, онда мінгіземін. Қазір ғой, қазір, көке, – деп жауап берді.

Одан кейін әнші әңгімені әзілге бұрып, сахнада:

"Басқа бәрі дұрыс па? Тағы кімге тұлпар мінгізейін?" деді.

Еске салайық, бұған дейін сахнада Қайрат Нұртаспен билеген бүлдіршін көпшіліктің көзайымына айналғанын жазған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі