Павлодар облысында балық аулау ережесін бұзған 12 азамат жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz
Ақсу өңірінде "Уылдырық шашу" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында балық аулау және су биоресурстарын қорғау қағидаларын бұзған 12 азамат жауапқа тартылды.

Сарышағанақ ауылы маңындағы Ертіс өзенінің Тентек тармағында жүргізілген патрульдеу кезінде учаскелік полиция инспекторлары тыйым салынған "кривда" құралын, яғни кастинг торын пайдаланып заңсыз балық аулаған азаматты ұстады.

Полиция еске салады: өңірдегі дала және тұщы су айдындарында, соның ішінде Ертіс өзенінде жайылмалы су аймақтарында балық аулаудың барлық түрлеріне уақытша тыйым салынған.

Сонымен қатар Қаныш Сәтбаев атындағы арнаның бойында да, балық шаруашылығына арналған учаскелерде қарақұйрық, алабұға, шортан сынды балық түрлерін аулауға, сондай-ақ тұзды су айдындарында асшаян кисталарын жинауға қатаң тыйым салынады.

Тәртіп сақшылары табиғатты қорғау заңнамаларын мүлтіксіз сақтауға және су ресурстарына ұқыппен қарауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды