Алаяқтар тағы да "Қазпошта" атын жамылып, азаматтарды алдауға көшті

Фото: Zakon.kz
Қазақстандықтар Қазпошта атынан кездейсоқ электрондық пошта мекенжайларынан келген күмәнді SMS-хабарламалар алуда. Бұл алаяқтардың әрекеті, деп хабарлайды Zakon.kz.

SMS-хабарламалар келесі мазмұнды қамтиды:

"Мекенжай дұрыс көрсетілмеген, сәлемдемеңіз 24 сағаттан кейін қайтарылады" деген мазмұндағы мәтіндер жазылып, күмәнді сілтемелер жіберіледі.

Осыған байланысты Қазпошта әкімшілігі ресми түсініктеме таратты.

Мамандар, мұның алаяқтық жолмен таратылған хабарламалар екенін айтып, дабыл қағуда.

Сондай-ақ, келесі жайттарға назар аудару ұсынылды:


"Егер осындай хабарлама алсаңыз, дереу өшіріп, ешқандай әрекет жасамаңыз.Қосымша ақпарат алу үшін 1499 байланыс орталығына хабарласыңыз",- деп мәлімдеді мамандар. 

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында ер адамның қызғаныштан әйелін өлтіргендігі хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі