Оралда притондарды ұйымдастыру дерегі анықталды: күдіктілер ұсталды

Сурет: polisia.kz
Оралда притондарды ұйымдастыру және ұстау фактілері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және полицияның басқа да бөлімшелерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Оралда жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды ұйымдастыру және ұстау фактілері анықталды.

Атап айтқанда, 2024 жылдың наурыз айынан 2025 жылдың мамыр айына дейін 51 жастағы әйел қаладағы сауналардың бірінде интимдік қызмет көрсетуге арналған бөлмелерді жабдықтап, оларды ақылы негізде пайдалануға берген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сол кезеңде тағы екі әйел алдын ала сөз байласу арқылы топ болып жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырған. Бұл факті бойынша да қылмыстық іс қозғалып, күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар алты әйелге қатысты алдын ала сөз байласу арқылы притон ұйымдастырды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Аталған іс бойынша тергеу жұмыстарын Абай полиция бөлімі жүргізуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз