Елімізде Мысыр азаматтары заңсыз еңбек етіп келген

Фото: Zakon.kz
30 мамырда ІІМ көші-қон қызметі комитеті аумақтық полиция бөліністерімен бірлесіп, республика бойынша ауқымды жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратқа сүйенсек, елімізде бес күн ішінде 7 мыңнан астам көші-қон заңнамасын бұзу фактілерінің жолы кесілді:

Барлық құқық бұзушы жауапқа тартылды. Сонымен қатар 678 шетелдік азамат елден шығарылды, енді оларға Қазақстанға кіруге бес жылға тыйым салынады. 

Алғаш рет Мысыр азаматтарының заңсыз еңбек қызметі фактісі тіркелді. Қарағандыда ірі құрылыс алаңында рұқсатсыз жұмыс істеген осы елдің 14 азаматы табылды. 

Алматы облысының Жамбыл ауданында көші-қон қызметінің қызметкерлері заңсыз алкоголь өндірумен айналысқан 12 ҚХР азаматын анықтады. Олардың да тиісті рұқсат құжаттары болмаған.

Заңды ұдайы бұзатын жұмыс берушілер де назардан тыс қалмады. Қарағанды облысында шетелдіктерді заңсыз жұмысқа бірнеше рет тартудың үш жағдайы анықталды.

Осы эпизодтар бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 395-бабымен қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Жамбылда ұсақ малдың жүні кәдеге аспай, қоқыста жатқандығы жайлы жазған болатынбыз. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды