Астанада полиция телефон ұрлығын ашты

Фото: Zakon.kz
Астана қаласының Алматы аудандық криминалдық полиция қызметкерлері 29 жастағы ер адамды ұстады.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті жәбірленушімен қаладағы қонақ үйлердің бірінде танысып, бірге ішімдік ішкен.

Біраз уақыттан кейін жәбірленуші ұйықтап қалған. Сол сәтті пайдаланған ер адам оның шалбарының қалтасынан Samsung маркалы ұялы телефонын жасырын алып кеткен.

Жәбірленуші полицияға шағымданып, келтірілген залалдың көлемі 680 мың теңгені құрағанын хабарлады. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, қолға түсті.

Ол өз кінәсін толық мойындап, ұрланған телефонды иесіне қайтарып берді.

Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция тұрғындарды бейтаныс адамдармен абай болуға және жеке заттарына мұқият қарауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді