Денсаулық сақтау министрлігі дәрі бағасына қатысты жағымды жаңалықпен бөлісті

Сурет: pixabay
2025 жылдың 3 маусымында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Қазақстандағы дәрі-дәрмек бағасы 30% төмендеуі мүмкін екенін айтты.

Нұрлыбаев Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасының үлгісін өзгерткенін атап өтті. Нақтылап айтсақ, шекті бағалар бойынша бірқатар үстемелер, оның ішінде маркетинг, тасымалдау және кедендік шығындарға үстемелер алынып тасталды.

"Бүгінгі күні бір ғана үстеме бар: зауыттың құнына. Бұл модель сынақтан өткенін ескерсек, 1 шілдеге дейін Қазақстанда тіркелген барлық дәрі-дәрмектер қайта есептелетін болады. Қазіргі уақытта аталған модельді сынауға қатысты фармацевтикалық қауымдастықпен белсенді жұмыс жүргізілуде. Тегін медициналық көмек көрсету және міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік қоры аясында дәрі-дәрмек құнының арзандауы шамамен 19%, ал көтерме және бөлшек саудада 30% шамасында болады деп болжаймыз және күтеміз", – деді Ержан Нұрлыбаев.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі кейбір елдердің дәрі-дәрмектері жеделдетілген түрде тіркелетінін хабарлаған болатын.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі