Алматыда салынып бітпеген ірі нысан сүріліп жатыр

Сурет: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Алматыда құрылысы аяқталмаған үлкен ғимарат сүріліп жатыр. Бұл туралы 2025 жылдың 3 маусымында оңтүстік астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда сот шешімімен бүгін Оңдасынов көшесі, 37/12 мекенжайында орналасқан құрылыс нысаны сот орындаушыларының қатысуымен бұзыла бастады. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.

Жартылай салынған құрылыс нысаны бірнеше жыл бойы қараусыз қалған. Тексеріс нәтижесінде ғимараттың қатты тозғаны, коррозияға ұшырағаны анықталып, оны бұзу қажет деген шешім қабылданған.

Бұған дейін басқарма тарапынан меншік иесіне (жеке тұлға) күрделі пішіндегі темірбетон құрылымын бұзу арқылы анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілген болатын.

Алайда нұсқамада көрсетілген талаптар орындалмағандықтан, 2024 жылы 29 қаңтарда басқарма Бостандық аудандық сотына мәжбүрлеп орындату туралы талап арыз жолдаған.

2024 жылы 27 мамырда сот басқарманың талап арызын қанағаттандырды. Содан кейін іс Әділет департаментіне орындауға берілді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды