Смартфондарды верификациялау: Цифрлық даму министрлігі гаджет бағасы арзандайды деп күтіп отыр

Сурет: pexels
2025 жылғы 3 маусымда өткен брифингіде Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков смартфондар бағасы төмендеуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дамир Сейсембековтың айтуынша, IMEI-кодтарды тіркеу бірқатар қауіптің алдын алады:

"Бұрын елімізге шетелден ұрланған, бірнеше құрылғыдан құрастырылған, пайдаланылған телефондар жаңа сияқты сатылып келген. Бұл жүйе осындай қауіптердің жолын кеседі", - деді ол.

Сонымен қатар, ол бұл талап гаджет бағасына әсер етпейді деп есептейді:

"Дәл осы жаңалықтың кесірінен смартфон бағасы ресми дүкендерде қымбаттамайды, керісінше арзандауы да мүмкін. Нарық ағарып жатыр – енді "ақ" өндірушілер өзара бәсекеге түседі. Бұл - сапалы қызмет көрсетуді алға жылжытатын қозғаушы күш. Бұрын ресми дистрибьюторлар сұр нарықпен күреске, жарнамаға көп қаржы жұмсайтын. Енді сол қаржыны акциялар мен бағаны төмендетуге бағыттайды. Ірі өндірушілер өзгерістерді байқаса, Қазақстанда ресми өкілдіктерін ашуға да ынталы болуы мүмкін", – деді ол.

Сонымен бірге, Сейсембековтың айтуынша, кейбір құрылғылар – wi-fi роутерлер, арзан смарт-сағаттар мен m2m құрылғылар – тегін верификациядан өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма