Кәсіби фотоаппарат алмақ болған астаналық 500 мың теңгесінен айырылды

Фото: Zakon.kz
Астанада интернет арқылы жасалған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жергілікті тұрғын желіде сатылымда тұрған тауарға алданып, елеулі қаржылық шығынға ұшыраған.

27 жастағы азамат интернет қосымшасында жарияланған хабарландыру арқылы "Canon" кәсіби фотоаппаратын сатып алғысы келген. Ол хабарлама авторымен байланысқа шығып, өзара келісілген соманы көрсетілген есепшотқа аударған.

Алайда ақша түскеннен кейін "сатушы" байланысқа шықпай, барлық мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жәбірленушіні бұғаттап тастаған. Фотоаппарат та жеткізілмеген. Келтірілген шығын көлемі — шамамен 500 мың теңге.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта күдіктінің интернеттегі әрекеті мен жеке деректері анықталу үстінде. Ол Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция интернет алаяқтарының әдістері күн сайын өзгеріп, жетіліп жатқанын атап өтеді. Әсіресе, онлайн сауда кезінде сақ болуға шақырады.

Алаяқтықтың жиі кездесетін белгілері: нарықтағыдан әлдеқайда арзан баға, тауарды көруге рұқсат бермеу, қолма-қол есеп айырысудан бас тарту және алдын ала төлем талап ету.

Егер сіз де осындай жағдайға тап болсаңыз немесе күмәнді сатушыға кезіксеңіз, дереу полицияға жүгінуді немесе "102" нөміріне хабарласуды ұмытпаңыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған