"Төсегін өз қолымен салудан қорқады": Қорғаныс министрлігі жастардың әскерден неге қашатындығын айтып берді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылдың 5 маусымында Сенатта өткен брифингте ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдинов жастардың неліктен әскерге барудан қорқатыны туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сұлтан Қамалетдиновтің пікірінше, жастар өздерінің "микроклиматында" тәрбиеленіп, жайлы ортадан шығуға қорқады.

"Бұл, ең алдымен, отбасы, балабақша, мектеп. Жастардың барлығы емес, бірақ ішінде қорқатындары бар. Олар жайлы өмірге үйренген. Еркіндікке, қалыптасқан күн тәртібіне дағдыланған. Ал әскерге келгенде бәрін өзгертуге тура келеді – бұл, әрине, қорқыныш тудырады. Бұл – кез келген адам үшін қалыпты жағдай. Екінші мәселе – адам бұл қорқынышты қалай жеңеді? Сондықтан бұл тек адамның жеке мәселесі емес. Бұл – бәрімізге ортақ, бірігіп шешетін мәселе. Бұған дейін анасын бәрін істеп беретін – жинап, тамақ дайындап... Ал мұнда төсегін өзі салуы керек", – деді Сұлтан Камалетдинов.

Журналистер әскерден қорқу сарбаздардың қаза табуымен байланысты болуы мүмкін бе деп сұрады.

"Білесіздер ме, адамдар тек Қарулы Күштерде ғана емес, мектепте де, балабақшада да, өкінішке қарай, жол-көлік оқиғаларында да қаза табады. Сондықтан мен бұл мәселеге ерекше назар аударуға болмайды деп ойлаймын. Статистикалық деректер бар, белгілі бір формат бар – Қарулы Күштерде мұндай жағдайлардың айтарлықтай азайғанын көрсетіп отыр", – деп толықтырды ол.

Бұған дейін республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстарды іріктеу қағидалары бекітілгендігі хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін