Қарағандыда ер адам 9-қабаттағы балконнан секіріп кетпек болды

Сурет: polisia.kz
Қарағандыда полицейлер 9-қабаттағы балконнан секірмек болған ер адамды аман алып қалды. Оқиға 5 маусым күні Тәттімбет көшесінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатындағы балконның сыртында арқанға ілініп тұрған ер адамды көрген куәгерлер бірден құтқару қызметтеріне хабар берген.

Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар оқиға орнына жылдам жетіп, шұғыл әрекетке көшкен. Қарағанды қаласы Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Әділет Әмірбеков ер адамды әңгімеге тартып, оны райынан қайтаруға тырысқан.

"Құтқарушылар есікті ашуға әрекеттеніп жатқанда, мен балкон сыртында тұрған ер адаммен сөйлесуге тырыстым. Уақыт санаулы еді. Әріптестерім төменгі қабатта сақтық шараларын бақылап тұрды. Ақыры бір сәтте оны ішке қарай тартып үлгердік", - дейді ол.

Құтқару операциясы бірнеше минутқа ғана созылғанымен, әр секунд қымбат еді. Полицейлердің кәсіби шеберлігі мен батылдығы үлкен қайғылы жағдайдың алдын алды.

Қазіргі таңда құтқарылған азамат медициналық бақылауда. Дәрігерлер мен психологтар оның мұндай әрекетке не үшін барғанын анықтап, тиісті көмек көрсетіп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты