ТЖМ Қазақстан бойынша аптап ыстыққа байланысты дабыл қағуда

Фото: pixabay
Төтенше жағдай министрлігі "Қазгидромет" РМК болжамдарына сүйене отырып, еліміздің оңтүстік, батыс, орталық және шығыс өңірлерінде дауылды ескерту жарияланғанын ескертті. Нақтырақ айтсақ, 11-12 маусымда қатты ыстық пен өрт қаупі болады деп күтілуде. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Мамандар осы кезеңдегі өрттің негізгі себептері от жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелер, шөптер мен қоқысты рұқсатсыз жағу, балалардың отпен ойнауы екенін ескертті.

"Өрт қаупі жоғары кезеңде өрт көздеріне, әсіресе орман және дала алқаптарына ерекше назар аударуға шақырамыз",- делінген ақпаратта.

ТЖМ өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға шақырады:

Сонымен қатар шомылу маусымда су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың көпшілігі рұқсат етілмеген және жабдықталмаған су көздерінде болады. Әрбір азамат су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы тиіс.

Сондай-ақ, ТЖМ судың жанында болған кезде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.

"Барлық азаматтарды өз өмірлері мен жақындарының өміріне барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Жоғарыда аталған ережелерді қатаң сақтаңыз",- деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін Семейде әскери қызметкердің өртеніп жатқан үйден әйелді аман алып шыққандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді