Павлодар облысында балабақша тәрбиешісі дөрекілік үшін жұмыстан шығарылды

Сурет: pexels
Павлодар облысында балабақша тәрбиешісі дөрекілік үшін жұмыстан шығарылды. Ол балаға қол көтерген, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

№16 балабақшаның ауласында серуендеп жүрген балаларға қатыгездік танытып жатқан тәрбиешінің іс-әрекеті видеоға түсіп, әлеуметтік желіде таралды. Оқиға көктемде орын алса да, видео жуырда жария етілді. Ақсу қаласының білім беру бөлімінде жағдайға қатысты түсінік берді.

"Бұл жағдай педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Тәрбиешіден түсініктеме алынды, балабақша басшысының бұйрығымен тәрбиеші теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Ол баланы ұрып, өзінің лауазымдық міндеттерін бұзды", - деді бөлімде.

Бүгінгі таңда тәрбиешінің балалармен байланысы жоқ. Білім бөлімі мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің балалардың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету бойынша бақылауды әлсіреткені үшін балабақша басшысына қатысты сөгіс түрінде тәртіптік жаза шараларын қабылдады. Бұйрық 9 маусымда шығарылды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін