Flydubai Қазақстан, Ресей және бірқатар елдерге рейстерді уақытша тоқтатты

Сурет: flydubai.com
Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік әуе компаниясы Flydubai бірнеше бағыт бойынша, оның ішінде ТМД елдеріне рейстерін уақытша тоқтатты. Бұл шешім Израиль мен Иран арасындағы шиеленіске байланысты қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 13 маусымда, РИА Новостиге әуе тасымалдаушының өкілі мәлімдеді.

"Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Иран, Ирак, Израиль, Иордания, Қазақстан, Қырғызстан, Ливан, Ресей, Сирия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанға рейстер 13 және 14 маусым күндері тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, компанияның баспасөз қызметі жағдайды жіті бақылап отырғандарын және рейс кестесін соған сәйкес түзетіп жатқанын атап өтті.

"Біз жолаушыларымызға келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз", - деді Flydubai өкілі.

Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі Таяу Шығыста соғыс қимылдарының басталуына және азаматтық авиация қауіпсіздігіне төнген жоғары қауіпке байланысты мәлімдеме жасаған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады

Қазақстанның үш өңірінде тұрғындар референдумға дауыс беруге кезекте тұр

Мәулен Әшімбаев жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдумда дауыс берді

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған