Ақмола облысында ауыл тұрғыны бақшасында қарасора өсірген

Сурет: Ақмола облыстық полиция департаменті
Ақмола облысының Жақсы ауданында ауыл тұрғынының бақшасынан полицейлер есірткі құрамындағы 920-дан астам өсімдік тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, өңірде "Қарасора – 2025" жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

"Жедел-іздестіру және тергеу шаралары барысында 39 жастағы ауыл тұрғынының өз үйінің ауласында қарасора өсіріп келгені анықталды. Тінту кезінде полицейлер салмағы шамамен 500 грамм марихуана болуы мүмкін пакет пен бақшадан 920-дан астам есірткілік өсімдік бұтасын тапты", - деп хабарлады департамент өкілдері.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді