Алматылықтардың айлығы шайлығынан аспайды - сауалнама

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматыда қанша жергілікті тұрғын бар? Қаншасы отбасылы, олар негізінен қайда тұрады? Осы және басқа да сұрақтарға қала тұрғындары жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматыбасжоспар" ҒЗИ ЖШС және Қолданбалы урбанистика институты Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен "Қала тұрғынының сауалнамасын" әзірледі.

Сауалнамаға 22 083 адам – Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары қатысты. Олардың басым бөлігі — 24 пен 60 жас аралығындағы әйелдер. Жастар мен зейнеткерлердің үлесі төмен болды.

Ең белсенді қатысқан – Бостандық және Медеу аудандарының тұрғындары. Сонымен қатар, Алмалы ауданы да тұруға қолайлы аудандар қатарында аталды.

Респонденттердің басым көпшілігі — Алматыда туғандар. Одан кейінгі орында — қалада 15 жылдан астам уақыт тұрып жатқан тұрғындар. Одан әрі — 7-15 жыл, 3-7 жыл аралығындағы тұрғындар.

Тұрғындардың көпшілігі – отбасылы. Екінші орында – бойдақтар мен тұрмыс құрмағандар. 10%-ға дейінгісі – тіркелмеген азаматтық некеде тұратынын көрсетті.

Бұл ретте, 40%-ға жуығы кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуде.

Респонденттердің жартысынан көбі табысының 60%-дан астамын күнделікті қажеттіліктерге жұмсайды, яғни "айлықтан айлыққа" өмір сүреді. Тек 5-6%-ы ғана аз шығынмен өмір сүре алатынын көрсетті. Қаржылық тұрақтылық деңгейі төмен, көпшіліктің бюджеті — шиеленісті жағдайда.

Бұған дейін Қазақстанмен шекарадағы бұзушылықтарға байланысты 30 тонна жұмыртқа Ресейге қайтарылғандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды