Сайран су қоймасындағы тәртіпсіздік: қала әкімі мердігерге соңғы рет ескерту жасады

Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Сайран су қоймасының санитарлық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала басшысы экология, қоғамдық кеңістікті дамыту мен полиция басқармаларына құқық бұзушыларға бақылау мен қатаң шараның жоқ екенін сынады.

Мердігерге барлық кемшілікті жою үшін соңғы ескерту жасалды.

Аудан әкімдеріне қаланың проблемалық учаскелерін қоқыстан тазартып, бітелген арықтарды ретке келтіру тапсырылды. Жұмыс ерекше бақылауда болады.

Сондай-ақ, қала басшысы Алматының күзгі көгалдандыру жоспарын ұсынуды және ауаны ластайтын көлікке бақылауды күшейтуді тапсырды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Сайран көлінде тәртіп бұзған 120-дан астам адам жазаланғанын хабарлаған едік.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін