Микроқаржы ұйымдары жүздеген қазақстандықтарды миллиардтаған қарызға батырды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қаржылық мониторинг агенттігі 2025 жылғы 25 маусымда заңнама талаптарын айналып өтіп, азаматтарға несие ұсынатын заңсыз микроқаржы ұйымдарының жолын кесу бойынша мәлімет таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мұндай ұйымдар заңды несиелеу түрінде қызмет көрсеткенімен, шын мәнінде қарыз алушыларға түрлі қосымша төлемдер мен пайыздарды, сақтандыру жарналарын міндеттеп жүктейтіндігін айтты. Бұл әдістер арқылы олар сыйақы мөлшерлемесіне қатысты заңмен белгіленген шектеулерді айналып өтеді.

"Нәтижесінде азаматтар өзіне жүктелген қарызды бірнеше есе көп процентпен төлеуге мәжбүр болып, қаржылық қиындыққа тап болады. 2025 жылдың басынан бері Агенттік 5 заңсыз микроқаржы ұйымының қызметін тоқтатты. Бұл ұйымдардан 300 мыңнан астам азамат зардап шеккен, олардың жалпы артық төлем сомасы 71 млрд теңгеден асқан",- делінген ақпаратта.

Агенттік қарыз алмас бұрын, оның барлық шарттарын мұқият оқып, түсінуге кеңес береді. Әрбір азаматтың не үшін төлем жасап жатқанын білуге толық құқығы бар.Заңды МҚҰ (микроқаржы ұйымдары) "Тексерусіз" және "барлығына беріледі" деген уәделермен жұмыс істемейді. Есіңізде болсын: қаржылық сауаттылық – алаяқтықтан қорғанудың ең сенімді жолы.

Бұған дейін "Таза Қазақстан" акциясына 2 миллион адамның қатысқандығын жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды