Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Армениядағы жағдай туралы айтты

Сурет: Telegram/pressmfakz
Бүгін, 2025 жылғы 25 маусымда Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Армениядағы жағдайға түсініктеме жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров "Армениядағы оқиғалар – елдің ішкі ісі" деп атап өтті.

"Қазақстан Армениямен достық пен стратегиялық серіктестік рухында толыққанды ынтымақтастықты дамытуда. Елдеріміз арасында қалыптасқан өзара сенім атмосферасын бағалаймыз. Армян халқына тыныштық пен амандық тілейміз." Айбек Смадияров

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Арменияның Тергеу комитеті "Қасиетті күрес" қозғалысын теракт дайындады деп айыптады. Тергеу комитетінің мәлімдемесінде қозғалысқа қатысушылар мен жетекшілерінің республикада лаңкестік әрекеттер жасап, билікті басып алуды жоспарлағаны айтылған. 24 маусымда Армения премьер-министрі Никол Пашинян "бұл процесс "алаяқтардың сәтсіз төңкерісі" ретінде тарихта қалады" деді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды