Іздеуде жүрген 285 адам ЖИ арқылы ұсталды

Фото: freepik
Елімізде бейнемониторинг жүйесі арқылы 585 қылмыскер ұсталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ел бойынша қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллектіге негізделген бейнемониторинг жүйесі кеңінен қолданыла бастады.

Бүгінде 19 мыңнан астам бейнебақылау камерасы смарт технологиямен жабдықталған.

Жүйеге 75 мыңнан астам адамның фотосуреті енгізілген, деп жазады qazaqstan.tv.

Ақылды камералар адам бейнесін тану, топталған адамдарды анықтау, қару немесе күмәнді заттарды тіркеу секілді күрделі функцияларды орындайды.

"19 мың ақылды камера жасанды интеллект арқылы жұмыс істейді. Соның санын да біз 80 мыңға жеткізуді жоспарлап отырмыз. 1-2 жылдың ішінде. Осы технология арқылы біз профилактика жұмыстарын жүргізу, қылмыстардың болмауын және қылмыстарды жедел түрде ашуға әрекет жасау – мақсатымыз." Сәкен Сәрсенов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады