28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні

Сурет: Zakon.kz
Бүгін – күн сайын талмай ақпарат таратып, маңызды мәселелер көтеріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын және қоғамның дамуына зор үлес қосып жүрген жандардың еңбегін ерекше атап өтетін күн, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Журналистика жай ғана кәсіп емес, қастерлі міндет әрі үлкен жауапкершілік. Сіздерге жүктелген міндет кәсіби біліктілікті, объективтілікті, адалдық пен батылдықты қажет етеді. Қаншама қиындықтар мен сын-сынақтарға қарамастан, өз міндеттерін абыроймен атқарып, әділдік пен шындықтың жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан барша БАҚ өкілдері қашанда жоғары құрметке лайық", - делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда жалпы баспа басылымдары, телеарналар, радио және интернет-ресурстарды қосқанда 5 855  БАҚ тіркелген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты